
Алматы №1 қалалық клиникалық аурухана әріптестеріміз Тулеханова Сауле Джурсунбековна мен Нуров Атабек Намазбоевичті «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» Қазақстан медицина университетінде 7M10141 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасы бойынша денсаулық сақтау магистрі дәрежесін алуымен шын жүректен құттықтайды!
Сіздерге кәсіби қызметте толағай табыс, жаңа жетістіктер, ғылыми ізденісте сәттілік, мықты денсаулық және алар асуыңыздың биік болуын тілейміз! Білім мен тәжірибеңіз еліміздің денсаулық сақтау саласының дамуына өз үлесін қоса берсін!
Құттықтаймыз!


№1 ҚКА қызметкерлері денсаулық сақтау магистрі атанды
