Алматы №1 қалалық клиникалық ауруханасында «Өкпені оңалтудың заманауи тәсілдері: теория, тәжірибе және пәнаралық ықпалдастық» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.

Алматы №1 қалалық клиникалық ауруханасында «Өкпені оңалтудың заманауи тәсілдері: теория, тәжірибе және пәнаралық ықпалдастық» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.

Іс-шараға пульмонолог дәрігерлер, торакалды және жүрек-қан тамырлары хирургтері, медициналық оңалту мамандары, медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының дәрігерлері және Алматыдағы өзге де медициналық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Семинар спикерлері қатарында Түркиядан онлайн қатысқан физиотерапия магистрі, респираторлық физиотерапия маманы Бейзанур Бекташ Далмыш, жоғары санатты торакальды хирург Темірбаев Аманжол Алданұлы, Респираторлық орталығының жетекшісі, жоғары санатты пульмонолог әрі торакалды хирург Шоланова Ләззат Мендібайқызы (Қарағанды), сондай-ақ Алматы қаласының штаттан тыс бас пульмонологы Шидерова Наиля Дәулетқызы болды.

Семинардың тәжірибелік бөлімінде өкпені оңалту бойынша шеберлік сабағы өткізіліп, екі клиникалық жағдай талданып, пациенттерді жүргізу тактикасы талқыланып, сұрақ-жауап сессиясы ұйымдастырылды.

Семинар тәжірибе алмасуға, өкпені оңалтудың заманауи тәсілдерін талқылауға және сала мамандары арасындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берген тиімді алаңға айналды.

Алматы №1 қалалық клиникалық ауруханасында «Өкпені оңалтудың заманауи тәсілдері: теория, тәжірибе және пәнаралық ықпалдастық» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.