
Ляззат Болтирикова «Кеуде хирургиясындағы медбикенің рөлі» тақырыбында баяндама жасап, ота алдындағы дайындық, отадан кейінгі күтім, асқынудың алдын алу және пациенттің сауығу кезеңіндегі медбикелік бақылаудың маңызына тоқталды.
Консультациялық-диагностикалық орталықтың офтальмология кабинетінің медбикесі Айжан Чорманова «Заманауи офтальмологиялық диагностикалық жабдықтар» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама барысында көз ауруларын ерте анықтауға мүмкіндік беретін заманауи диагностикалық құрылғылардың қызметі таныстырылып, глаукома, катаракта және диабеттік ретинопатия секілді ауруларды дер кезінде анықтаудың маңызы айтылды.
Физиотерапия бөлімінің медбикелері Аяжан Бакелова мен Ардақ Жетпісбай «Магнитотерапия: емдік қасиеттері және адам ағзасына әсері» тақырыбын таныстырып, магнит өрісінің қан айналымын жақсартудағы, қабыну үдерістерін азайтудағы, ауырсынуды бәсеңдетудегі және ағзаның қалпына келуін жеделдетудегі рөліне тоқталды.
Терапия бөлімінің медбикесі Балауса Алишбекқызы «Емделушінің қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық міндеттер» тақырыбында баяндама жасап, пациентті дұрыс сәйкестендіру, медициналық ақпарат алмасудың тиімділігі, дәрілік қауіпсіздік пен медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған халықаралық талаптар туралы баяндады.
Семинар барысында қатысушылар өзекті кәсіби мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасып, күнделікті жұмыста қолдануға болатын пайдалы ақпарат алды.


