№1 ҚКА Алтаев Еділ Орынбайұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты көңіл айтады

№1 қалалық клиникалық аурухана ұжымы Алтаев Еділ Орынбайұлының мезгілсіз, 49 жасында өмірден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Еділ Орынбайұлы метрология саласының білікті маманы ретінде бірнеше медициналық ұйымда еңбек етіп, әріптестері арасында зор құрметке ие болды.
Ол өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары, адамгершілігі мол азамат еді.

Марқұмның иманы саламат болсын. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.

№1 ҚКА Алтаев Еділ Орынбайұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты көңіл айтады