Алматы №1 қалалық клиникалық ауруханада орта медициналық персоналға арналған кезекті семинар өтті.

Семинар барысында медицина қызметкерлерінің күнделікті жұмысында қолданылатын заманауи медициналық жабдықтар мен пациентке күтім көрсетудің маңызды бағыттары қамтылды.

Атап айтқанда, рентген аппараттары мен компьютерлік томографияның жұмыс ерекшеліктері, төсек жанындағы монитордың мүмкіндіктері және пациенттерді мониторингілеудің жаңа әдістері таныстырылды. Сонымен қатар ауруханада пациенттерді дұрыс тамақтандыру ережелері мен емдәмді ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.

Оқу бағдарламасының маңызды бөлігі қан кеткен жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету тәртібіне арналды. Мамандар шұғыл жағдайда әрекет ету алгоритмдерін қайталап, қажетті практикалық дағдыларын жетілдірді.

Орта медициналық персоналдың білімі мен кәсіби дағдыларын үнемі жетілдіру – пациентке көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін арттырудың маңызды шарттарының бірі.

Алматы №1 қалалық клиникалық ауруханада орта медициналық персоналға арналған кезекті семинар өтті.