
Алматылық маман аллергияның себептерін түсіндірді
Алматы №1 қалалық клиникалық аурухананың аллергология бөлімшесінің меңгерушісі Айгерім Құлышева аллергияның неге көбейіп жатқанын және оны қалай емдеу керек екенін Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында айтты.
Маманның айтуынша, соңғы жылдары аллергиямен ауыратындар саны күрт артқан.
Аллергияның көбеюіне әсер ететін негізгі себептер:
▪️ иммунитеттің әлсіреуі (соның ішінде COVID-тен кейін)
▪️ дұрыс тамақтанбау (фастфуд, энергетиктер)
▪️ электронды темекі
▪️ жүктілік кезіндегі асқынулар
Көктемде қар еріп, ауаға шаң-тозаң мен тозаң көтерілгенде маусымдық аллергия күшейеді.
Дәрігердің айтуынша, ең үлкен қателік – өз бетінше ем қабылдау. Көпшілік гормоналды дәрілерді бақылаусыз қолданады, бұл уақыт өте зиян келтіруі мүмкін.
Аллергияны дұрыс емдеу үшін:
▪️ қыс мезгілінде тексеруден өту
▪️ аллергенді анықтау
▪️ арнайы иммунотерапия алу қажет
Дер кезінде емделмеген аллергия демікпеге әкелуі мүмкін.
Сондай-ақ дәріден болатын аллергия да жиілеген. Тіпті бұрын қабылдаған антибиотиктің өзі күтпеген реакция беруі ықтимал.
Сондықтан:
▪️ өз бетіңізше ем қабылдамаңыз
▪️ дәріні тек дәрігер кеңесімен қолданыңыз
▪️ аллергия белгілері болса, уақыт созбай тексеріліңіз
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіз.
