Ауруханаға келген әрбір пациент алдымен триаж жүйесі арқылы бағалаудан өтеді

Ауруханаға келген әрбір пациент алдымен триаж жүйесі арқылы бағалаудан өтеді

Алматы 1 қалалық клиникалық аурухана қабылдау бөлімінің меңгерушісі Дана Саухимова бөлім жұмысы туралы, триаж туралы баяндап берді.

Триаж – науқастың жағдайының ауырлығын анықтап, медициналық көмекті шұғылдық деңгейіне қарай ұйымдастыруға арналған жүйе.
Триаж кезінде медициналық қызметкер пациенттің шағымын, жалпы жағдайын, өмірлік маңызды көрсеткіштерін бағалап, оған сәйкес санатты анықтайды. Осыған байланысты медициналық көмек көрсету кезегі белгіленеді.
Бұл жүйе ең алдымен шұғыл көмекті қажет ететін пациенттерге уақыт жоғалтпай көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Яғни, жағдайы ауыр науқастар дәрігердің қабылдауына бірінші кезекте жіберіледі.
Триаж жүйесі – пациент қауіпсіздігін арттыруға, медициналық көмектің тиімдігі мен жеделдігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.

Ауруханаға келген әрбір пациент алдымен триаж жүйесі арқылы бағалаудан өтеді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *