RU KZ EN

ФИЗИКАЛЫҚ МЕДИЦИНА ЖӘНЕ ОҢАЛТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

img

2024 жылғы 30 тамызда Астана қаласында гибридтік форматта Қазақстанның Физикалық медицина және оңалту федерациясының қолдауымен ұйымдастырылған «ФИЗИКАЛЫҚ МЕДИЦИНА ЖӘНЕ ОҢАЛТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» тақырыбында III Халықаралық конференция өтті.

Конференция дәлелді медицина қағидаттарына негізделген нейрореабилитация бойынша соңғы нұсқаулар мен инновациялық тәсілдерді қамтыды.

 

Конференцияға Оңтүстік Корея, АҚШ, Жапония, Ресей сияқты шетелден және еліміздің түкпір-түкпірінен неврология, кардиология, онкология, травматология саласындағы жетекші оңалтушы мамандар қатысты. 

 

Солармен бірге Конференцияда №1 қалалық клиникалық аурухана қызметкерлері де баяндама жасады.

Атап айтсақ №1 ҚКА нейрооңалту бөлімінің меңгерушісі Сейданова Амина Бағдадқызы: «Docmed бойынша нейрореабилитация алгоритмі, соңғы шолу» және «Қолды инсульттан кейінгі ерте оңалтудағы роботтандырылған терапия» тақырыптарында баяндама жасады. 

Екі баяндама да тәжірибелі реабилитолог және невропатологтар үшін мазмұнды әрі қызықты болды, аталған баяндамалар нейрореабилитацияның соңғы халықаралық тәсілдерін және осы санаттағы науқастарды қалпына келтіру үшін әлемде қолданылатын инновациялық әдістерді қамтыды.

 

№1 ҚКА нейрореабилитация бөлімінің енді бір қызметкері Құлымжанова Жансая Тұрланқызы «Қабынулық энцефало-полинейропатия клиникалық жағдайынан кейінгі науқасты оңалтудың қолайлы нәтижесі» тақырыбында баяндама жасады. 

Ауруханада бар болғаны 1 жыл жұмыс істеген жас дәрігер қалыпты өміріне қайта оралып, жұмысқа кіріскен науқасқа жасалған табысты оңалту курсын бөлісті.