
Алматы №1 қалалық клиникалық ауруханасының «SENIM» бастауыш кәсіподақ ұйымы салалық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының қолдауымен аурухана қызметкерлерінің балаларын «Романтик» балалар сауықтыру лагеріне демалуға жіберді.
Бұл – кәсіподақтың қызметкерлер мен олардың отбасына көрсетіп отырған әлеуметтік қолдауының жарқын көрінісі. Балаларға көтеріңкі көңіл күй, қызықты демалыс, жаңа достар мен ұмытылмас әсер тілейміз!


Балаларға жарқын жазғы демалыс!
