RU KZ EN

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бүгін Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді.

img

 

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният бүгін Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді.

Министр жұмыс сапары кезінде Орталық қалалық клиникалық аурухананың жұмысымен танысады және Алматы қаласының медициналық ұйымдарының басшыларымен кездеседі.

Түстен кейін министр А.Ғиният Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевпен кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Министрдің бағдарламасында қала тұрғындарымен, қоғамдық кеңес мүшелерімен, жергілікті мәслихат депутаттарымен кездесуі бар.

Сондай-ақ министр жергілікті және республикалық БАҚ журналистерінің сауалдарына жауап беріп, азаматтарға жеке қабылдауын өткізеді.