RU KZ EN

Көпбалалы отбасылы қызметкерлердің балалары үшін қайырымдылық шарасы

img

Жаңа оқу жылының қарсаңында «Smart Health University City» ЖШС-нің сенімгерлік басқаруындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «№1 қалалық клиникалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны көпбалалы отбасылы қызметкерлердің балалары үшін қайырымдылық шарасын өткізді.

Міне, қайта мектеп қоңырауы сыңғырлайтын 1 қыркүйекке дейін санаулы күндер қалды. Осы жылы «Smart Health University City» ЖШС-нің сенімгерлік басқаруындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «№1 қалалық клиникалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының әкімшілігі көпбалалы отбасылы қызметкерлердің балалары үшін қайырымдылық шарасын өткізді.

Бірінші сыныпқа барушы балақайларға көптеген жылы тілектер мен құттықтаулар айтылды. Салтанатты түрде балаларға білім алуға қажетті түрлі оқу құралдар: сурет салуға арналған альбомдар, түрлі-түсті қағаздар жиынтығы, қаламсаптар, каламдар, ермексаздар т.б. заттар сыйға берілді. Шара естелік үшін суретке түсумен аяқталды.